Декларацияланбаған үлкен көлемде ұялы телефондар тәркіленді
Декларацияланбаған үлкен көлемде ұялы телефондар тәркіленді
209
оқылды

Кезекті кедендік тексеру барысында Алматы облысы бойынша МКД «Алтынкөл» кеден бекетінің Қорғас «ШЫХО» БӨП қызметкерлері мен ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлері бірлесіп Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасына кіру кезінде, белгіленген нысанда декларацияланбаған үлкен көлемде ұялы телефондар тәркіленді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеру барысында кеден тәртібін бұзған Қазақстан азаматының қол жүгінің ішінен жалпы саны 246 дана, салмағы 19 келіні құрайтын «Samsung» SCH-U365 маркалы ұялы телефондары шықты. Ұсталған ұялы телефондарың кедендік құны 3 420 445 теңгені құрады.

Барлық тауар уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Кінәлі тұлғаларды ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.