Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Мемлекет басшысына Үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.
Қазақстан Президенті Премьер-министрге шұғыл түрде Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
– Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.