Қазақстанда пандемияға байланысты өмірін сақтандырғандардың саны қанша?
Қазақстанда пандемияға байланысты өмірін сақтандырғандардың саны қанша?
126
оқылды
Елімізде пандемияға байланысты 100-ден астам адам өмірін сақтандырған. Бұл туралы сақтандыру компаниясының өкідері мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business. Мамандардың сөзінше, сәуірдің соңында шыққан жаңа полиске қызығушылық танытатындар көп. Тек жеке тұлғалар ғана емес, кәсіпкерлер де сатып ала бастаған. Ковид-19-дан сақтандыратын полистердің бағасы 5 мың мен 25 мың теңгенің арасында. Сақтандыру төлемінің көлемі полистің бағасына байланысты. Мысалы, 5 мың теңгелік полисті алған адамға ковид-19  диагнозы қойылып, ауруханаға жатқызылса, 100 мың теңге төленеді. Ал  қайтыс болса, жақындарына 1 млн теңге беріледі. Өтемақының шекті көлемі 5 млн теңгеге дейін жетеді. Мамандардың сөзінше, келісімшарт 6 айға дейін жарамды. https://www.youtube.com/watch?v=8JfMufzfIPo&feature=emb_logo