Аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жеткізілуде
Аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жеткізілуде
151
оқылды
«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалына аз қамтылған отбасылардан бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде көптеген өтініштер түсуде. Тұрғындардың өтініші ескеріліп бүгін партияның алматылық филиалы «Metall Prom» ЖШС бас директоры, партия мүшесі Долкунтай Абдухалилмен бірлесе отырып Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жалғасып келе жатқан #BizBirgemiz акциясы аясында 1700 аз қамтылған отбасына 51 тонна азық-түлік жеткізілді. Әр отбасына табысталатын 30 келілік жиынтықта ұн, макарон, сұйық май, күріш, қарақұмық пен қант бар. «Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаев бастаған #BizBirgemiz акциясы аясында қиын жағдайда қалған аз қамтылған отбасыларға қосымша көмек көрсету мақсатында қаражат бөліп, тиісті көмекпен қамтылды. Бұл акцияда Jas Otan жастар қанатының еріктілері іске қосылып, мекенжай бойынша жеткізуге көмектесіп жүр. Олар қорғаныс костюмі, медициналық маска және қолғаптармен қамтамасыз етілген. Jas Otan жастар қанатының Алматылық филиалына алғысымызды білдіреміз», - деді Д.Абдухалил. Өз кезегінде осындай қолдауға ие болған, аса қажеттілікті талап ететін қызды тәрбиелеп отырған Рәбиға Алмағамбетова Елбасымыздың #BizBirgemiz атты игі бастамасына, «Nur Otan» партиясы мен еріктілерге аз қамтылған азаматтарды қолдағандары үшін алғысын білдірді.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ