Еліміздің 5 өңірінде 9 науқас жансақтау бөлімінен тұрақты палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz Telegram-каналы. «Қазақстанда COVID-19 бар 9 науқас: Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 3, Шымкент қаласында - 1, Атырауской облысында - 2, Жамбыл облысында 2 адам интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер пациенттердің жағдайы жақсарғанын атап өтті және олар енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды», - делінген ақпаратта. Бүгінге дейін елімізде барлығы 121 науқас реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Атап айтқанда, Нұр-Султан қаласында - 36, Алматы қаласында -24, Алматы облысында - 3, Карағанды облысында - 10, Атырау облысында - 14, Шымкент қаласында - 13, Қызылорда облысында – 3, Батыс-Қазақстан облысында – 1, Павлодар облысында – 2, Маңғыстау облысында – 5, Шығыс-Қазақстан облысында -1, Түркестан обласы-1, Ақтөбе қаласында -1, Жамбыл облысында – 7.