Ақтау-Қаламқас тас жолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты

Ақтау-Қаламқас тас жолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты

Екі адам қаза тауып, бес адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Жол оқиғасы 22 мамыр күні Ақтау-Қаламқас тас жолында болған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 1984 жылы туған жас жігіттің және 1975 жылы туған әйелдің биологиялық өлімін тіркеді. Алынған жарақаттар өте ауыр болды.

- Тағы үш ер адам мен екі әйел Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлмесіне жеткізілді. 1965 жылы туған әйел мен 1986 жылы туған жас жігітке жабық бас сүйек-ми жарақаттары мен миы шайқалған деген диагноз қойылды. Олар нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды. 1960 жылы туылған тағы бір әйелге жабық бас сүйек-ми жарақатын және ми шайқалуы диагнозы қойылған. Ол травматологиялық бөлімшеге жатқызылды. Реанимация бөлімінде төртінші зардап шеккен адам – омыртқаның кеуде бөлігінің жабық асқынған сынығы бар 19 жасар жігіт. Оған операция жасалды. Жағының жоғарғы бөлігі сынған 1999 жылғы бесінші науқас хирургиялық бөлімшеге жатқызылды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.