84 жыл бұрын жойылып кеткен қасқырдың соңғы бейнесі табылды
84 жыл бұрын жойылып кеткен қасқырдың соңғы бейнесі табылды
705
оқылды
Австралияның кино және дыбыс жазбалары Ұлттық мұрағатының қоймасында 1930-шы жылдары тасманиялық қалталы қасқыр (Thylacinus cynocephalus) түсірілген соңғы бейнежазба табылды, – деп хабарлайды National Geographic. Ақ-қара бейне 21 секундқа созылады. Онда Бенджамин атты тилацин Хобартадағы (Тасмания) Бомарис зоопаркінде өз торында ерсілі-қарсылы жүргенін көруге болады. https://www.youtube.com/watch?time_continue=22&v=o79vefZC-aQ&feature=emb_logo Бұған дейін ол туралы соңғы бейне 1933 жылдың желтоқсанында түсірілді деп саналып келген. Ал жақында табылған клип 1935 жылы, Бенджамин 1936 жылдың қыркүйек айында өлгенге дейін бір жыл бұрын түсірілген. Содан кейін Тасман қасқырлары түпкілікті жойылып кетті деп санала бастады. Тасманиялық Қасқыр Австралияның бірегей эндемигі болды. Тирациннің жойылуының бір себебі адамдар болса, екіншісі төменгі генетикалық әртүрлілік болды.  width= Соңғы жылдары бұл жануардың жойылып кетпегені туралы көптеген даулар тудырады. Жасыл құрлықта қасқырдың бұл түрінің өкілдері сақталғаны туралы қауесет бар. Адамдар көрмеуіне бұл жануарлардың өте жақсы жасыруы себеп деседі білетіндер.