Жайылымдық жерлерді тексерді
Жайылымдық жерлерді тексерді
144
оқылды
«Жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану туралы» мәселеге бай­ланысты мониторинг жүргізу үшін Nur Otan пар­тиясы Батыс Қа­зақстан облысы Жаңақала аудандық фи­лиалы жанынан құрылған жұ­­мысшы топ ауылдық округ­терде Қазақстан заңдарына сәйкес ат­қа­рылып жатқан бір­қа­тар жұмыстармен танысты. Аталған мәселені зерделеу мақ­сатында жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру, жайы­лымдарды басқару және олар­ды пайдалану жөніндегі жос­пар­ға сәйкес атқарылып жат­қан жұмыстар, жайы­лымдық жүк­те­ме­сінің нормасының сақ­талуы, ауыл тұрғындарының жайы­лымдарымен қам­тамасыз етілу деңгейін анықтау жұ­мыстары жүргізілді. Жаңақала ауданы бойынша 1 768 871 гектар жайылымдық ал­қап бар. Со­­ның ішінде елді мекен шегіндегі мал жайы­лымы 133 913 гектарды құрай­ды. Ау­дан бойынша 2019-2020 жыл­дары жайы­лым­дарды басқару жә­не олардың пай­да­лану жөніндегі жос­пары Жаңақала аудандық мәс­ли­хатының 2019 жылғы 10 жел­тоқ­сандағы №39-3 шешімімен бе­­кі­тілген. Сонымен қатар аудан бойын­ша 2018-2020 жылдары тиісті мақ­сатта пай­даланылмай отырған 25 шаруа қожалығы 132 22 гектар жер учаскесінен өз еркімен бас тарт­ты. Ауылдық округтер бөлінісінде же­­ке аулаларда және өндірістік сек­торда жайы­лымдармен қамтамасыз ету көр­­сеткіштері бойынша ауыл шаруа­шы­­лығы жануарларының болуы, ауыл шаруашылығы жануар­ла­рын бір­дей­лен­діру деректер база­сына сәйкес толық қам­та­масыз етіл­гені белгілі болды.  

Әбілмансұр ЖАСАН