18 тонналық көмек

18 тонналық көмек

Республикалық Birgemiz ак­ция­сы аясында Қостанайға Түр­кіс­тан облысынан 18 тонна қы­­рық­қа­бат жет­кізілді. Түркістан облысындағы жағ­дай­ға бай­ланысты қостанайлық кә­­­­­сіпкерлер Мақ­таарал ауданына кө­мек ретінде 20 тонна ұн жіберген бо­латын. Гуманитарлық көмекті жет­кізуге жергілікті Salamat және «Ат­а­­мекен-Дос» ЖШС қаржы бөлді. Кә­сі­порын қоймаларында партияның во­лон­терлары мен белсенділері ұн тиеп, діттеген мекенжайға жеткізді. – Қостанай облысынан барған ұн мақ­тааралдықтарға таратылды. Жүк кө­лігі Қостанай облысына жет­ті. Оның үсті­не, бос келген жоқ. Са­рыа­ғаш ауданы Төң­керіс ауылының тұр­ғындары Қостанай об­лысының аз қам­тылған отбасылары үшін 18 тонна қы­рыққабат беріп жіберді, – делінген Nur Otan партиясының баспасөз ха­бар­ла­масында. Түркістаннан келген қырыққабат ен­ді жер­гілікті елді мекендердегі аз қам­тылған отбасыларға үлестіріледі. Қа­лалар мен аудан­дардағы филиалдар жағдайы төмен от­ба­сылардың тізімін жа­сайды.  

А.ЖАСАНҰЛЫ