«Associated Press» ақпарат көзінің хабарлауынша, АҚШ-та соңғы екі айда коронавирус салдарынан жұмыссыз қалып, мемлекеттік жәрдемақыға мұқтаждық танытқан адамдар саны 39 миллионға жеткен. Тек өткен аптада 2,4 миллион адам жұмыссыз қалу салдарынан берілетін жәрдемақыға жүгінген, елдегі жұмыссыздық деңгейі сәуір айында 14,7 пайызды құраған. АҚШ-тың Федеральдық қорының директоры Жером Пауэлл мәлімдеуінше, елдегі жұмыссыздық деңгейі алдағы айларда 20-25 пайызға артаруы мүмкін. Бұл жағдай бұдан 90 жыл бұрын қайталанған экономикалық дағдарыспен бірдей болмақ көрінеді.