Балықтың «жұты» басталды
Балықтың «жұты» басталды
Біз құнттамайтын заттар көп. Мысалы, балықтың адам ағзасына пайдалы  екенін біле бермейміз. Әсіресе, май­лы балықтың құрамында омега 3 аминқышқылы мол. Ғалымдар бұл аминқышқыл-дың адам ағзасына күй­зеліспен күресуге, жүрек жұмысын жақсартуға кө­мек­­тесетінін баяғыда-ақ дәлелдеп қойған. Мал шаруа­шы­лығына ерекше ден берген еліміз, балық саласына мән бе­ре бермеуі де осыдан болса керек. Жақында Солтүстік Қа­зақстан облысындағы Питное көлінде балықтар қы­ры­лып қалды. Бұл – бірінші болған оқиға емес. Жылда қай­таланады. Кім кінәлі? Міне, соның тағы да бір ай­ғағы 18 мамырда Солтүстік Қа­­зақстан облыстық Орман шаруа­шылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспек­ция­сы­ның мемлекеттік инспектор­ла­ры Солтүстік Қазақстан об­лы­сындағы Питное көлінде ба­лықтардың қырылу фактісін анық­тады. Бұл туралы Орман ша­руашылығы және жануарлар дү­ниесі комитетінің баспасөз хат­шысы Сәкен Ділдахмет: «Инспекция мамандары жер­гі­лік­ті атқарушы органдардың, Экология департаментінің жә­не «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС филиалымен бір­лесіп, су айдынына тексеру жүр­гізді. Жиналған балық саны – (мөңке түрлі құрамы) 500 келі», – дейді. Мамандар зертханалық зерт­теулер жүргізу үшін су мен балық­тардың сынамаларын алған. Ба­лықтардың қырылу себебі тура­лы ақпарат зертханалық зерт­теу­лердің нәтижелері ұсынылғаннан кейін белгілі болмақ. Бұл елі­міз­дегі балықтың даналап емес, тонналап өлуінің бірінші оқиғасы емес. Бұл жолы қандай сылтау айтамыз?  

Қырылуға не себеп?

Қазақстанның балық және балық өнімдері нарығының жал­пы көлемі шамамен 66 мың тон­н­аны құрайды. Оның 45 мың тон­насы балық аулау кәсі­біне, 7,4 мың тоннасы балық шаруашы­лы­ғына тиесілі. Елімізде кәсіпшілік ба­лық аулау­мен балық шаруашылы­ғының 1 мыңнан астам субъектісі айналысады. Оларға 1 646 балық шаруашылығы су айдындары мен олардың учаскелері бекітілген. Аталған салада 11 мың адам жұмыс істейді. Балық аулау негізінен Кас­пий және Арал теңіздерінде, Балқаш және Зайсан көлдерінде, Бұқтырма, Қапшағай және Шардара су қоймаларында, Ала­көл көлдер жүйесінде, Жайық және Қиғаш өзендерінде қолға алын­ған. Негізгі кәсіптік өңірлер – Атырау – 13,1 мың тонна (29,2%), Шығыс Қазақстан – 8,2 мың тонна (18,3%), Қызылорда – 7,4 мың тонна (16,4%), Алматы – 6,6 мың тонна (14,6%), Маңғыстау – 2,3 мың тонна (5,2%) және Түркістан облыстары – 2 мың тонна (4,5%). Иә, бізде балық аулау кәсіби түрде жүруде. Дегенмен бізге балықты бұдан да көп өсіріп, өндіріске енгізуге мүмкіндік мол. Тек қана үлкен көлдерге ға­на маныз бермей ауылдық жер­лердегі өзендерге де ден бер­геніміз абзал. Әйтпесе, қырылған балық қырыла береді. Сонымен бірге, көлге жақын орналасқан ғимараттар мен зауыт, фабрикалар да суды ластауда. Айта кетер болсақ, 2019 жыл сәуірде Алматы облысында жарылып кеткен кәріз құбырының кесірен балық­тар қырылып қалды. Балық шаруа­шылығымен айналысатын қожа­лыққа қарасты көлге жарыл­ған құ­бырдан шыққан арам су құйы­лып кеткен. «Алматы қаласы­нан шы­ғатын кәріз құбыры жүйесін­дегі ақаудың кесірінен балықтар қырылып жатыр», – деп мәлімдеді қожалықтың қожайындары. Ал 2019 жылдың наурыз айын­да Атырауда «Спецавтобаза» және орман шаруашылығы және жа­нуарлар әлемін қорғау бойынша облыстық инспекция, Балық шаруашылығы басқармасының мамандары Жайық өзенінен екі күн ішінде 493 келі өлі балық жинаған.    width= Жайық өзенінде балық жап­пай қырылып жатқаны ту­ралы 2018 жылдың желтоқсан айын­да айтыла бастады. Сол уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі Жайықтан 10 тоннаға жуық өлі балық табылғанын мәлімдеген болатын. Балық қырғыны бойынша Қылмыстық кодекстің 328-ші және 204-баптарына сәйкес, жергілікті «Атырау су арнасы» коммуналдық мекемесінің үш қызметкеріне қарсы қылмыс­тық іс қозғалды. Тергеу қорытын­дысында балық қырғынына себеп болған хлордың суға бөлінуіне «Атырау су арнасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бұ­рын­ғы директоры Руслан Құрметов, оның орынбасары Виктор Сущенко мен су тазарту стансасының бастығы Михаил Чурсин кінәлі деп көрсетілді. Жалпы, қара балық бойынша есептелген шығын 13 миллион 924 мың теңгені құраған. Бекіре зауыты шығынын 429 миллион теңге, ал «Луговской жылқы зауыты» ЖШС 1,5 миллиард теңге деп бағалады.  

Браконьер де оған сеп

Балықтардың қырылуына бра­коньерлер де кінәлі. Мысалы, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баста­масымен Қазақстанда кең ау­қым­ды «Аулардан таза – су ай­дын­дары» атты экологиялық акция­с­ы өтті. Акцияға еліміздің әр өңірінен 5 100-ден аса мемле­кеттік органдардың, қоғам­дық ұйым­дардың, экологиялық ұйым­­дар­дың өкілдері мен ерікті­лер қа­тысты. Олар 79 су ай­­дыны мен учаскелерден 95,3 км син­те­ти­калық тор мен жағалаулардан 121 тонна қоқыс жинады. 431 суда жүзу құралдары 61 685 га ауданда өзен мен көл­дерді тазалап, су түбіндегі аулар­ды жинау үшін сүңгуірлер де жұмылдырылды. Акцияның басты мақсаты – су ай­дындарды тасталған және заң­сыз қойылған аулардан тазалап, қоғамның назарын өзен мен көлдердің ластану мәселесіне аударып, балық ресурстарын сақтау болатын. Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтауға арналған мұндай экологиялық шара биыл да өз жалғасын тапты. Мысалы Павлодар облысындағы Ертіс жайылымына су жіберіле бас­тағалы өзенге ау салушылар көбейіп кеткен.  
Сергей ҚАЙЫРКЕНОВ,  Орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау ау­мақ­тық инспекциясының маманы: – Браконьерлер тастаған қо­қыс өзеннің түбінде жүздеген жыл­дар бойы жатуы мүмкін. Был­тыр акция барысында өзеннен 16 тонна қоқыс шығарылып, осындай аулардың 14 шақырымы жойылды. Браконьерлер балық аулауда түрлі құралдарды пай­даланады. Олардың ең қауіптісі – осындай аулар. Мәселен, инс­пек­торлар бірнеше сағаттың ішінде осы құралдың 400-ге жуық метрін тапты, – дейді.
    ТҮЙІН:

Егер балық шаруа­шылығы дамыса, бүгінгідей балықтың жап­пай қырылуы болмас па еді. Өзен-көлдерді тазалау жұмыстары жүргізіліп, күлді қоқыс пен ар­тық балдырдан тазалауды тек науқандық жұмыс қылмай, оны әр адам өз міндеті деп санай білсе, өн­дірістік қалдығын өзенге ағызатын мекемелер де табиғатты аялауды үйренсе, артық болмас еді.

 

 width=Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ