Кадр даярлауға ерекше назар аударады
Кадр даярлауға ерекше назар аударады
211
оқылды

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Қытай Халық Республикасы Ком­мунис­тік партиясы Орталық комитеті Еуразия халықаралық бөлімі басқармасының директоры Цянь Найчэнмен кездесті.

Кездесуде Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орын­басары Мәулен Әшімбаев келе­шекте халықтың Елбасы бағы­тын жалғастыруға, сондай-ақ шетелдік әріптестермен достық қарым-қатынас нығая түсетінін айтты.

– Қазақстандықтар елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының жалғаса беруіне қолдау көрсетіп, Елбасының барлық стратегия­лық бастамасы мен бағдарламасы ары қарай да іске асырылып, біз­­дің партияның атқаратын рөлі зор болады. Сабақтастық, со­ны­мен бірге Қазақстанның көп­век­­торлы бейбіт сыртқы сая­са­тын сақтап қалуды қарастыра­ды. Біз алдағы уақытта да Тұң­ғыш Президент кезінде қа­­лып­тасқан және белсенді да­мыған бағыттар бойынша қарым-қатынасты нығайта береміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Ол Nur Otan партиясының Қытай Коммунистік партиясы­мен ынтымақтастықты дамытуға ерекше басымдық беретінін атап өтті. Партияаралық диалогтың рөлі жайында 2015-2017 жыл­дарға арналған Ынтымақтастық туралы хаттаманы мысалға кел­тірді.

– Біз партияларымыздың арасындағы ынтымақтастық ту­ралы хаттаманы жақсы іске асы­ра білдік. Біздің делегатта­рымыз Қытайда түрлі іс-шараға қатыс­ты. Сондай-ақ біз де ҚХР әріп­тес­­терімізді бірнеше рет қабыл­дадық. Келешекте біздің пар­­­тия­мыздың және Қытай Комму­нистік партиясының ортақ мүддесін танытатын ба­ғыт­тар бойынша қарым-қаты­нас­ты одан ары қарай дамытамыз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде Қытай Халық Республикасы Коммунистік пар­тиясы Орталық комитетінің Еуразия халықаралық бөлімі басқармасының директоры Цянь Найчэн мемлекеттер ара­сын­­дағы достық қарым-қаты­нас­ты одан ары нығайту мақса­тын­да екі партияның ын­ты­мақ­тастықты күшейте түсуге ниетті екенін жеткізді.

Сонымен қатар жиында пар­тиялық оқыту мен партиялық кадрларды дайындау мәселесін де талқылады.