Қомақты айыппұл төлейді
Қомақты айыппұл төлейді
Алматыда карантин жағ­дайын­да кәсіпорындар мен меке­мелер біртіндеп іске қо­сылуда. 25 мамырдан бастап тағы да бірқатар ірі нысанды іске қосуға дайындық шара­лары жүргізіліп жатыр. Әйтсе де, жұмысын бастаған кәсіп­орын­дар санитарлық норма­ларды, тазалықты сақта­­маса, қаладағы бір қалыпқа түсіп келе жатқан коронавирус ин­фек­циясын жұқтыру жағ­дайы қайта ушығып кетуі мүмкін деген қауіп те жоқ емес. Егер жұмысын бастаған кәсіпо­рын­дар мен мекемелер таза­лық шараларына мұқият бол­маса, қанша уақыттан бері жүргізіліп жатқан дезинфек­циялық шаралардың зая кетуі әбден мүмкін. Қаланың бас санитары Жан­дарбек Бекшин бастаған мобильді топ жұмысқа кіріскен мекемелер мен кәсіпорындарды аралап, олардың қаншалықты талапқа сай екенін тексеруде. Қалалық кәсіпкерлік басқармасы, «Ата­ме­кен» ұлттық кәсіпкерлер па­ла­тасы өкілдері мен санитар дәрігерлерден құралған мобильді топ азық-түлік дүкендері мен сән салондарына бас сұққанда қарапайым санитарлық ереже­лердің сақталмай жатқанына куә болды. Мәселен, азық-тү­лік дүкендерінде нан өнімдері ар­найы қаптамаға салынбай сатыл­са, сән салондары келген­дер­­ді бетпердесіз қабылдап жатқанына куә болды. Қаладағы ең ірі сауда ныса­ны­ның бірі болып саналатын көкбазарда да санитарлық нор­маның сақталмауы себепті көп ескерту айтылды. Негізі, ме­ке­меге келушілердің дене қы­зуы қашықтан міндетті түрде тексерілуі керек. Алайда қала­ның қақ ортасындағы базарда мұн­дай құрылғы атымен жоқ болып шықты. Базар қожайын­дары түрлі сылтау айтып ақ­тал­ғанымен, тәртіптің бәріне ортақ екені ескертілді. Атал­ған базарда әлеуметтік арақашық­тықты сақтау мәселесі де қолға алын­баған. Мұнда әлеумет­тік арақашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер толық орна­тыл­маған. Санаулы қатарлар­да болмаса, көп жерде бұл талап ескерілмеген. Осындай бірнеше ереже бұзушылықты байқаған мобильді топ алдағы уақытта бұл мекемеге айыппұл салынатынын айтты. «Базардың әкімшілігіне айып­пұл салу үшін Медеу ауданының бас санитарлық дәрігеріне тап­сыр­ма берілді. Бұл – ірі биз­нес орталығы. Сондықтан бұл ны­санға ірі айыппұл салынады. Біздің жұмыскерлеріміз қарап шығады. Айыппұлдың көлемі ірі бизнес болса, 4 миллион теңгеге дейін жетеді», – деді қалалық мемлекеттік бас санитарлық дәрі­гер Жандарбек Бекшин. Бас санитардың сөзінше, Алматының барлық ауданында осындай бірнеше мобильді топ құрылған. Олар осы уақытқа дейін қала бойынша 3 000-нан астам кәсіпорынды тексеріп, 100-ге жуығына тиісті шара қол­дан­ған. Тексерушілер каран­тин талаптарын бұзбауға бірне­ше рет шақырғанымен, сауда орнының иесі санитарлық ере­­­же­лерді сақтамаған. Олар сатып алушыларды бетпердесіз қа­былдап, тауарларды қолғап­сыз сатып отырған. Дүкен сату­шыларының бетперде, қолғап кимей жұмыс істеу себебі де әртүрлі. Бірі жыртып алдым десе, енді бірі ұмытып кетіппін деп ақталады. Дегенмен сату­шы­лардың ішінде барлық сақтық шараларын сақтайтындар да бар. Бірақ олар дүкенге бетперде кимегендерді кіргізеді. Бұл да ереже бұзушылыққа жатады. Алдын ала мәліметтер бо­йын­ша, 20 сәуірден бастап са­ни­тарлық қауіпсіздікті сақтау ау­ди­тінен кейін жұмыспен қам­тыл­ғандар саны қалада 540 мың адамға жетті. Соның ішінде 200 мыңға жуығы облыстың тұр­ғын­дары. Ал 25 мамырдан тағы 84,2 мың адам жұмысқа шығады.  

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ