Елеусіновтің "Көк машинамен" жекпе-жегі қашан өтеді?
Елеусіновтің "Көк машинамен" жекпе-жегі қашан өтеді?
113
оқылды
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің (9-0, 5 КО) бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жегі көрерменсіз өтуі мүмкін. Бұл туралы боксшының менедежір Зия Алиев  айтты деп хабарлайды, – Vesti.kz.  Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық карьерасында үшінші рет он раундтық жекпе-жекке шығады, бұл кездесуде ол алғаш рет титул үшін жұдырықтасады. "Флорида штатында спорт шараларын өткізуге рұқсат берді - UFC турнирлері де осында өтіп жатыр, Джексонвиллде. Шамамен шілде-тамыз басында өткізетін шығармыз. Эдди Хирнмен сөйлескенімде ол да шілде-тамыз деді. Бірақ жағдай күнде құбылып тұр, жақсы жағына қарай. Ол уақытқа дейін басқа штаттарда да рұқсат беріп қалатын шығар. Ал әзірге тек талқылап жатыр. Бокс кешін өткізу жоспары мұқият құрылады, егер бұл жекпе-жек шілдеде көрерменсіз өтсе, обал әрине. Екінші жағынан телевидениеден көбірек адам тамашалайды. Осы жұбатады. Адамдардың көбі үйінде отыр - ешкім ешқайда шыға алмайды", - дейді Алиев. Еске салайық, Елеусінов - Индонго жекпе-жегі 17 сәуірде өтуі керек болған, алайда, пандемияға байланысты кездесу кейінге қалды. Айта кетейік, 37 жастағы Индонго "Көк машина" лақап аттымен танылып, IBF,  IBO және  WBA (Super) чемпионы болған.