Елордада блокпостан өтіп бара жатқан көліктің салонынан тапанша табылды
Елордада блокпостан өтіп бара жатқан көліктің салонынан тапанша табылды
Нұр-Сұлтанда «Қару» алдын алу шарасы кезінде көліктен тапанша табылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. 22 мамыр сағат 03:51 кезінде «Тойота Камри» көлігін тексеру барысында салоннан тапанша табылған. Ол – Жапонияда зауыттан шыққан газбаллонды тапанша. Атыс және газ қаруы түрлеріне жатпайды. Көлік жүргізушісі тапаншаны қайдан алғанын, не себепті қару алып жүргенін түсіндіре алмады. Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ полиция қызметкерлері аңшы қаруын қолдан жасау фактісін әшкереледі. Қала тұрғынының үйінен шолақ мылтық табылған. Оның иесі қару-жарақтың құрылымына өзгеріс енгізіп, оның ұңғысын қысқартқан. Мылтық атуға жарайды. Бұл іс бойынша ҚР ҚК 288-бабы бойынша іс қозғалған. Сондай-ақ «Заречный» алабында тапаншаға ұқсас нәрсе алып жүрген 30 жастағы тұрғын ұсталды. Алынған зат АҚШ-та шыққан «ПМ» моделінің газбаллонды тапаншасы болып шықты. ҚР ҚК 287-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.