Павлодар облысының тұрғыны дизель отынын заңсыз жасап, сатқан
Павлодар облысының тұрғыны дизель отынын заңсыз жасап, сатқан
фото: ашық дереккөз
89
оқылды
Павлодар облысының тұрғыны гаражында дизель отынын заңсыз жасаған, - деп хабарлайды Қаржы министрлігі. Биыл 12 мамырында Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату дерегін анықтады. Павлодар облысының тұрғыны өзінің гаражында пеш отынының, майдың немесе басқа да өнімдердің қоспаларынан төмен сападағы дизель отынын жасап, бір литрі 150 теңге бағамен сатқан. ЖІШ барысында жалпы құны 470 000 теңге болатын 3000 астам литр дизель отыны тәркіленді, сараптама қорытындысына сәйкес бұл мемлекеттік стандарт (ГОСТ) талаптарына сәйкес келмейтін, сапасы төмен және құрамында түрлі қоспалар бар мұнай өнімі болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. "Құрметті облыс азаматтары, кәсіпкерлер және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер! Комитет күмәнді жеткізушілерден төмен бағада жанар-жағар май сатып алмауға шақырады. Жергілікті атқарушы органдармен 2020 жылдың көктемгі-егіс жұмыстары кезеңінде арзандатылған дизель отынын сатуға уәкілетті өнім берушілер-операторлар анықталғандығын еске саламыз", - деп ескетті комитет өкілдері.