Елордада есірткіні тарату арнасын тежеуге бағытталған шара барысында бұрын сотталған 35 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде одан 200 дозадан тұратын 60 г героин тәркіленді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ол есірткіні елорда аумағына сатпақ болған. Тәркіленген көкнәрдің қара нарықтағы бағасы - 800 мың теңге. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 279-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы басқармасы жыл басынан бері синтетикалық есірткімен байланысты 55 қылмысты анықтады.