Бұл туралы ҰКП Төралқа Төрағасы бизнес өкілдерімен онлайн кездесу барысында айтты. Іс-шара бизнестің ағымдағы мәселелерін талқылау, сондай-ақ карантиннен кейінгі кезеңде орын алатын ауыртпалық деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылған.
Күн тәртібініде көтерілген мәселелердің бірі – кәсіпорындарда жұмыспен қамту мәселесі болды. Төтенше жағдай кезеңінде жұмыс берушілер жұмыскерлерді еңбекақысыз демалысқа жібергені мәлім. Демек, карантиннен кейінгі кезеңде ел ауқымында жұмыссыздық пайызының арту ықтималдығы жоғары. Мұндай жағдай бүкіл әлемде орын алған.
Төтенше жағдай жарияланғаннан бері Ұлттық палата жүргізген жедел сауалнамалар мен сараптамалар арқылы бизнестің ағымдағы ахуалына уақтылы талдау жүргізілді, сәйкесінше Үкімет деңгейінде ұсыныстар айтылып, тиісті шаралар қолға алынды. Кәсіпкерлердің келісімшарттық міндеттемелерін орындай алмауы себепті ҰКП еншілес ұйымы – Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы форс-мажорды тану жөнінде анық амаларды берді. Екінші деңгейлі банктер тарапынан несиелер бойынша 90 күнге дейін кейінге шегерім берілді, айыппұлдар пен өсімақы алынып тасталды. Салықтар бойынша жеңілдіктер жасалды. Өңірлік палаталардың мамандары әр өтінім бойынша жалға берушілермен жекелей жұмыс істеп, бірқатар жеңілдіктерге қол жеткізді. Орталық аппарат деңгейінде Палатаға сұрақ қойып, жауап табуға болатын бөлім ашылды. «Өңірлік мәселелер арасында: салықтар, несиелер бойынша төлемдерді кейінге шегеру, қаржыландыру, карантин жағдайындағы санитарлық нормалар, сатып алулар және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау. Карантиндік кезең әлі ұзақ уақытқа сақталатынына дайын болу керек», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев. Кездесу қорытындылай келе, ҰКП Төралқа Төрағасы кәсіпкерлермен кері байланыстың маңыздылығына тоқталып өтті, бизнестің ұсыныстары мен мәселелері жіті бақылауда болатынын, отандық бизнес қиын кезеңде тұрғанын айтты. Осы ретте «Атамекен» ағымдағы ситуацияны жіті қадағалап, бизнес ұсыныстарын шұғыл жинақтап, Үкіметке қолдаудың жаңа шараларын ұсыну үшін осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізетін болады.Осындай ситуацияда бизнестің қаржылық жағдайына кері әсер еткен жайттар бар, сауалнамаға қатысқандардың 60%-ы жалға алу құнын төлеуде қиындық көрген, 22%-ы – еңбекақы төлеу, 5%-ы – коммуналдық қызметтерді төлеуде қиындыққа тап болған.