Бас қалада түлектердің мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырау өтпейді

Бас қалада түлектердің мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырау өтпейді

Елордада карантин аяқталғанға дейін түлектердің мектеп бітіру кешіне тыйым салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның бүгінгі қаулысында жазылған. Құжатқа сәйкес, түлектердің мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырау өткізуге, сондай-ақ кезекші топтардың жұмысын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан балабақша қызметіне тыйым салынады. «Білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуды, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізуді қамтамасыз ету керек», - делінген құжатта. Еске сала кетсек, елімізде соңғы қоңырау 25 мамырда онлайн режимде соғылады