Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Прәлиева карантин инфекциясына байланысты қосымша ереже туралы қаулыға қол қойды. 23 мамырдан бастап қала тұрғындарына, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылығына, меншік нысанына қарамастан карантин аяқталғанға дейін:
- екі және одан да көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде масканы міндетті түрде тағуға және 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тұратын жерінен еркін шығуға рұқсат етіледі;
- аулаларға шығуға және саябақтарға, алаңдарға, жағалауларға міндетті түрде маска тағып үш адамнан аспайтын топтармен не бір отбасы мүшелеріне 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі;
- саяжай учаскелеріне бару үшін елді мекенге кіруге/шығуға рұқсат етіледі;
- қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген нысандарға барған кезде маска тағып, қолғап киіп жүруге және антисептик пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтауы керек;
- отбасылық еске алу, әдет-ғұрып және өзге де іс шаралар өткізуге және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге тыйым салынады;
- кәсіпкерлік нысандар мен ұйымдар меншік нысанына қарамастан карантиндік және шектеу шараларын сақтауын қатаң бақылауды қамтамасыз етеді", - делінген қаулыда.