Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды

Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды

Қырғызстан парламентінің экс-спикері Мукар Чолпонбаев коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгін, 24 мамырда Жогорку Кенештің экс-спикері, қоғам қайраткері Мукар Чолпонбаев Республикалық жұқпалы аурулар клиникалық емханасында коронавирус инфекциясынан қайтыс болды", - делінген COVID-19-ға қарсы жедел штаб хабарламасында.
Штаб мәліметінше, Чолпонбаев 5 мамырда ауруханаға түскен. 12 мамырда жансақтау бөліміне жатқызылған. Коронавирус анықталғаннан кейін экс-спикерде екі жақты пнемония мен тыныс алу жолдарында кедергі пайда болған. Сондай-ақ Чолпонбаевта жүрек, бауыры мен қан тамыры секілді қосалқы аурулар болған. Мукар Чолпонбаев әділет министрі және Қырғызстан парламентінің депутаты болған. Еске салайық, бүгінде Қырғызстанда 1403 адамда COVID-19 анықталған. Оның 275-і медицина қызметкерлері. Барлығы 15 адам қайтыс болған. 980 науқас аурудан айығып шыққан.