Димаш Құдайберген әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығып, тыңдармандарымен сырласады
Димаш Құдайберген әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығып, тыңдармандарымен сырласады
фото: ашық дереккөз
Бүгін кешке әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram және YouTube парақшасында тікелей эфирге шығып, тыңдармандарымен әңгіме-дүкен құрады. «Қымбатты достар, менің тікелей эфирімді мамыр айының 24-ші жұлдызында Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 20:00-де Instagram парақшамда және Youtube каналында 22:00-де тамашалай аласыздар. Менің ресми Youtube каналыма жазылыңыздар» деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында. Еске сала кетейік, бүгін атақты әнші өзінің 26 жасқа толды. Бүкіл әлемдегі тыңдармандары өнер иесін құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. Көптеген адамдар туған күнге арналған қысқа бейнероликтер жасап, Димашқа лебізін жеткізуде.