Атырауда Асанәлі Әшімовке көзі тірісінде ескерткіш қойылды
Атырауда Асанәлі Әшімовке көзі тірісінде ескерткіш қойылды
432
оқылды
Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры ғимараты алдына театр мен кино өнерінің хас таланттары КСРО және ҚР Халық артистері Нұрмұхан Жантөрин, Сабира Майқанова, Хадиша Бөкеева мен Асанәлі Әшімовке ескерткіш қойылды. Асанәлі Әшімов Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақылбек Аманбайұлының айтуынша, бұл ескерткіштер Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында қамтылған тапсырмаларды орындау мақсатында орнатылып отыр. Алдағы уақытта ұлтымыздың әйгілі өнер тарландарының кіші сәулеттік композициялары облыстық театрға еңбегі сіңген бірегей өнер тарландарының ескерткішімен толығады. Таратып айтсақ, КСРО-ның Халық артисі Қуат Төлеков, Алма Ахметова, Зарифа Сүлейменова, Жұпар Манапова, ҚР Еңбек сіңірген актерлері Төлеген Қуанышев, Құрманғали Доғалақов, Күнипа Иманғалиева, Оңай Жақсыбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының иегері Шапай Зұлқашев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нариман Үлкенбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қарымды қаламгер Рахымжан Отарбаевтардың ескерткіштері тұғырына қонады. «Шығармашылық сыр-сұхбат» жанрлық композициясының авторы – мүсінші Гульфия Мелдеш. Оның айтуынша, композициялық жұмыс барысында Қазақстанның және КСРО халық артисі Асанәлі Әшімовтің өзі шеберханаға жиі келіп, замандастарының да бейнесі шынайы шығуы үшін кеңес берген. жантөрин – Қазақ өнерінің тарландарына қойылған сәулет композициясының тәрбиелік мәні зор. Театрға кіреберіс жерде өнерді жақсы көретін жандарды хас таланттардың өзара сұхбаттасып қарсы алып тұрғанындай көрінетін бейнелері сәтті шығыпты. Бұл театр туралы ұғымы қалыптаса қоймаған жас ұрпаққа өнеге болатындай керемет идея екен. Карантин аяқталып, театр ашылған соң немерелерімді алып келіп көрсетіп, жеке-жеке таныстырып, актерлердің қазақ өнеріндегі еңбегі туралы айтып беремін. Бала көргенін ұмытпайды, – дейді Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Жангелдиев. Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақылбек Аманбайұлының айтуынша, театр аумағындағы жасыл желек алаңы арнайы саябаққа айналып, кіші сәулеттік композициялар тұғырына тұратын болады. Бұл қазақ өнерін туған топыраққа ғана емес алыс-жақын шетелдерге мойындатқан таланттарға деген құрмет белгісі.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы.

Атырауда ескерткіш хадиша