Тағайындау
Тағайындау
178
оқылды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне Асқар Жұмағалиевті тағайындады.

Асқар Қуанышұлы Свердлов Суворов ескери училищесін, Ракета әскерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң акаде­миясының Заң факультетін, Швейцариялық федеративтік технологиялар институтын бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы «Жарық» ЖШС бас директоры қызметінен бастаған. Әр жылдары «Қазақтелеком» АҚ президенті, Премьер-министрдің орынбасары, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған еді.