Бүгін аймақтарда аптап ыстық болып, дауыл соғуы мүмкін
Бүгін аймақтарда аптап ыстық болып, дауыл соғуы мүмкін
Фото: Интернеттен алынды
5,170
оқылды
Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың солтүстік батысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, дауыл соғуы мүмкін. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, жел түнде кей жерлерде – 15-20 м/с, күндіз – 15-20, кей жерлерде 25 м/с-ке дейін күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде күн күркірейді, дауыл, күндіз желдің екпіні – 18 м/с. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл созуы мүмкін, желдің екпіні – 15-20 м/с, ал Жамбыл, Түркістан облыстарында жылдамдығы 23 м/с-ке жетеді. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды облыстарында, Атырау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.