Орманды сақтау үшін бейнекамералар орнатылады
Орманды сақтау үшін бейнекамералар орнатылады
Фото: Интернеттен алынды
237
оқылды
Қостанай облысында орман алқаптары бейнебақылау жүйелерімен жабдықталады. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Саят Жүсіпбековтің айтуынша, бұл шара орман өртінің алдын алу және болдырмау үшін қабылданған. «Өңірдің орман алқаптарына бейнебақылау камералары қойылады. Камералар бірыңғай жүйеге қосылады. Төрт оператор облыстың барлық орман қорындағы жағдайды бақылап отырады. Қазір бюджетке тапсырыс бердік. Бір бейнебақылау құрылғысының құны – шамамен 3 миллион теңге. Осылайша, ескірген орман мұнараларын бейнекамералармен алмастырамыз. Мұндай камералар өрт ошағын 10 минут ішінде анықтай алады. Бір құрылғы арқылы 20 шақырым радиустағы аумақты бақылауға болады», – дейді Саят Жүсіпбеков. Жаңа тәсіл жақын арада пилоттық негізде Арақарағай орман алқабына қойылады. 2020 жылдың қаңтар айынан бері облыста екі орман өрті тіркелді. Екеуі де Қарабалық ауданы аумағында болған.