Соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді
Соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді
Фото: Интернеттен алынды
279
оқылды
Оқу жылы аяқталды. Соңғы қоңырау салтанатының жаңа форматы коронавирус пандемиясына байланысты енгізілді. 1-ден 10-ға дейінгі сыныпта оқитын оқушылар мектеппен онлайн режимінде қоштасып, жазғы демалысқа шығады. Биыл мектеп оқушылары мен мұғалімдердің қауіпсіздігі үшін дәстүрлі соңғы қоңырау болмайды. Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылының аяқталуына арналған мерекенің жаңа форматы енгізілгенін хабарлады. Сағат 11.00-де республикалық телеарналардың эфирінде Білім және ғылым министрлігінің басшысы құттықтау сөз сөйлейді, содан кейін әр сыныпта қашықтық форматында сынып сағаты өтеді. Айта кетейік, биыл Қазақстанда 150 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді. ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында дәстүрлі форматта өтеді деп жоспарланған.