Індет өршіген Қарашығанақта карантин жарияланды
Індет өршіген Қарашығанақта карантин жарияланды
Фото: Интернеттен алынды
133
оқылды
Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны аумағында карантин жарияланды. Батыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 23 мамырдағы қаулысына сәйкес «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы аумағында 5 маусымға дейін карантин режимі енгізілді. Кеніш аумағында жұмыс істейтін қызметкерлер мен өндірістік қызметке тартылған, азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, жанар-жағармай және басқа қажетті материалдарды тасымалдайтын көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарының кіріп-шығуына тыйым салынды. Барлық көлік құралдарында ілеспе құжаттары болуы, санитарлық өңдеуден өтіп, тіркелуі тиіс. Түнгі ауысымда жұмыс істейтіндерді, оларды тасымалдайтындарды, әкімдік, құқық қорғау органдары, жедел жәрдем, санитарлық-эпидемиологиялық, өрт сөндіру, апаттық және басқа өмірлік қамтамасыз ету нысандары қызметкерлерін қоспағанда, адамдардың вахталық қалашықтардың ішінде, олардың арасында кешкі сағат 19.00- ден таңғы 07.00-ге дейін жүріп-тұруына тыйым салынды.