«Бір айлық қызы әкесіз қалды» – көлік апатынан ауруханаға жеткізілген екінші полицей де көз жұмды
«Бір айлық қызы әкесіз қалды» – көлік апатынан ауруханаға жеткізілген екінші полицей де көз жұмды
Фото: Интернеттен алынды
353
оқылды
Алматы облысы аумағындағы блокпоста болған көлік апатынан жарақат алған екінші полицей де көз жұмды. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең шамамен таңғы сағат 05: 30-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылындағы Алматы қаласының блокпостында болған жол-көлік оқиғасында жарақат алған полиция сержанты Дастан Әбдіқанов есін жимастан ауруханада қайтыс болды. «Полиция сержанты Әбдіқанов Дастан Маратжанұлы, 1994 жылы Алматы қаласында туған. Ол ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, бір айлық қызы бар» делінген полиция хабарламасында. Айта кетейік, 1992 жылы туған А. есімді көлік жүргізушісі №4 блокпосты бұзып өткен. Апат салдарынан полиция аға лейтенанты 1978 жылы туған Жалғас Жанғазиев оқиға орнында көз жұмды.