Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өз міндеттерін орындау барысында блокпостта қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында: «Блокбекетте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың жол апаты оқиғасынан қаза болуына байланысты отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», – деп жазды. Бұған дейін бүгін таңғы уақытта Алматыда көлік жүргізушісі мас күйінде блокбекетте жол-көлік апатын жасады. Оқыс оқиға салдарынан екі полицей қайтыс болғанын жазған болатынбыз.