Пойыздың 23 вагоны рельстен шығып кетті
Пойыздың 23 вагоны рельстен шығып кетті
Фото: Интернеттен алынды
116
оқылды
Қостанай облысында Қазанбасы-Апановка бағытында жүк пойызы рельстен шығып кетті, – деп хабарлады «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. Оқиға кеше сағат 14:40-та Құсмұрын – Тобыл учаскесінің Қазанбасы – Апановка бағытында болған.
«Жүк пойызының қозғалысы кезінде машинист локомотив манометрінің деректері бойынша вагондар арасындағы ауа қысымының төмендеуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданды. 23 вагонның рельстен шығып кеткені, рельстің түйіспе желісі, теміржол тірегіне зиян келгені  анықталды» делінген ресми ақпаратта.
Анығы, вагондар бос болған. Локомотив сағатына 68-70 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқан. Учаскедегі белгіленген жылдамдық – сағатына 70 шақырым. Қазіргі уақытта осы факті бойынша комиссия құрылды. Тергеу басталды.