Жан-жақтан сын айтылса да, мұғалім мен ата-аналардың ерлігіне алғысым шексіз – Аймағамбетов
Жан-жақтан сын айтылса да, мұғалім мен ата-аналардың ерлігіне алғысым шексіз – Аймағамбетов
Фото: Әлеуметтік желіден алынған
146
оқылды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Министр Facebook-тағы парақшасында: «Барлығымыз үшін биылғы 25 мамыр ерекше форматта өтіп жатыр. Әлемдік пандемия біздің күнделікті өмірімізді түбегейлі өзгертті. Биылғы оқу жылы 4 миллионнан астам оқушы мен студенттің есінде қашықтан оқыту форматына көшумен сақталады деп ойлаймын. Қысқа уақыттың ішінде барлығыңыз жұмысты дұрыс ұйымдастыра білдіңіздер. Бұл мұғалім, ата-ана, оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесі деп білемін. Бүгін мен әрқайсыңызға жеке тоқталғым келеді. Сіздер жаңа жағдайда жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, нағыз ерлік таныттыңыздар. Ұстаздарға деген алғысымды бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сіздер қиын жағдайға қарамастан, оқушыларды білім нәрімен сусындатып, оқу барысында тынымсыз еңбек еттіңіздер. Сіздердің арқаңызды 4-тоқсан толықтай қашықтан оқыту форматында өтті», – деп жазды. Ол бүкіл оқушыны бір тоқсан бойы онлайн форматта оқыту бұрын-соңды болмағанын да айтты. «Қиын кезде балаларына тіреу бола білген ата-аналардың да еңбегі өлшеусіз. Сіздердің қолдауларыңыз, үйде отырып білім алуға жағдай жасап, қашықтан оқытуды ұйымдастыруға бізге көмек бердіңіздер. Иә, әрине, сын көп айтылды. Дегенмен, сзідер түсіністік танытып, баланың болашағы үшін осы мәселені түсіндіңіздер. Сол үшін сіздерге алғыс айтамын. Оқушыларға да шексіз ризамын. Олар жауапкершілікті ата-анасымен теңдей бөлісіп, тәртіпті және алғыр бола білді. Енді міне, білімге деген құштарлықты жоғалтпай оқу жылын ойдағыдай аяқтап жатыр. Бұл шын мәнінде, ересек адамдарға тән қасиет деп айтқым келеді», – деді Асхат Аймағамбетов.