Донбастағы соғысқа қатысқаны үшін қостанайлық 4,5 жылға сотталды
Донбастағы соғысқа қатысқаны үшін қостанайлық 4,5 жылға сотталды
Қостанай қаласының қылмыстық істер бойынша №2 соты Қазақстан азаматы Евгений Щербакты Донбастағы соғысқа қатысқаны үшін 4,5 жылға соттады. Бұл туралы «Медиазона» порталына сот кеңсесінен хабарлады. «Свободная пресса» бас редакторы және  Мемлекеттік Думаның ресейлік депутаты Сергей Шаргунов Щербактың қорғаушысын төлеп бергенін айтты. «Ресейге соғысқа аттанған Евгенийді Қазақстанға ұстап берді. Ол саяси баспана сұрап жалбарынды. Ешкім  оның тағдырына алаңдаушылық білдірген жоқ», - деді Шаргунов. Биыл сәуірде Ресейдің көші-қон заңнамасын бірнеше рет бұзғаны үшін Щербакты Қазақстанға шығарып салған болатын.
2014  жылы қазақстандық  Евгений Щербак Донбаста  «Спарта» батальонында сепаратистер жағында соғысты. 2016 жылдың қазан айынан бастап  Щербак Қостанай облысының ІІБ сұрауымен іздеуде болды.  Бұдан бұрын ол Ресейден саяси баспана сұраған. Ресей оны "негізсіз" деп танып, көмек көрсетуден бас тартты. Сепаратист Челябинсктегі шетел азаматтарына арналған уақытша ұстау орталығында болды.