Қазақстанда аптық ыстық қашан басылатыны белгілі болды

Қазақстанда аптық ыстық қашан басылатыны белгілі болды

26-28 мамырда Қазақстанда аптап басылады, - деп хабарлайды"Казгидромет" РМК. Ақпаратқа сәйкес, Архангельск ауданынан келетін антициклон республиканың солтүстік аймақтарындағы аптапты басады.

Ал оңтүстікте Иран аудандарынан келетін жылы ауа массасының әсерінен ыстық және құрғақ ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Еске салайық, 25 мамырда Нұр-Сұлтан мен бірқатар облыстарда қатты ыстыққа байланысты ескерту жарияланған.