Арандатушының жазасы күшейтілмек
Арандатушының жазасы күшейтілмек
233
оқылды
Халықтың арыз-мұңы жерде қалмайды, кейбірі заңда көрініс табуы мүмкін. Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен Парламенттің жоғарғы палатасы отырысында сенаторлар ауыл-аймаққа сапардың қорытындысын шығарды. Сенат төрағасы депутаттар жылды аймақтарды аралаудан бастағанын және жергілікті жер­лердегі жұмыстың жағдайымен, сондай-ақ заңдар мен мембағ­дарламалардың жүзеге асу ба­рысымен, жергілікті атқарушы органдар қызметімен таныс­қанын атап өтті. – Сапарлардың нәтижесі депутаттық сауалдарға негіз бо­лады әрі парламенттік тың­дау­ларда, үкімет сағаттарында және басқа да кездесулерде тал­қы­ла­нады. Бұдан бөлек, ко­ми­тет­тер­дің ұсыныстары мен жұ­мыс жос­парларына енгізіледі, – деді Д.Назарбаева. Ол палата комитеттеріне заң шығару жұмысын министр­лік­термен, заң жобаларын әзір­леу­шілермен үйлестіруді тапсырды. Үкімет 2020 жылға арналған тиіс­ті жоспарын бекітті, оған аса маңызды мәселелерді шешуге және Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға арналған 17 заң жобасы енді.  width= Палата басшысы ел Прези­денті Қ.Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпы­ұлт­тық іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Сенаттың не­гізгі міндеттеріне жеке тоқ­талды. Дариға Назарбаева заң қа­былдау кезінде қандай мәселе­лерге ерекше мән беру керегін қадап айтты: сенаторлар азамат­тар құқын қорғау кепілдіктерін арттыруға, арандатушы іс-әре­кеттері үшін құқық қорғау ор­гандары қызметкерлерінің жа­уапкершілігін күшейтуге, заң­намадағы барлық қайшылық­тарды азаматтар мен бизнестің пайдасына шешуге, оларға мемор­гандармен қарым-қаты­насы кезінде тең жағдай жа­сау­ға, биліктің аудандық, қа­лалық және ауылдық деңгей­ле­рінің дербестігі мен жауапкер­ші­лігін кеңейтуге баса назар ауда­руы тиіс. Дариға Нұрсұлтанқызы «Же­ңіл өнеркәсіптің жағдайы», «Агроөнеркәсіп кешенін да­мы­ту», «Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту» тақырыптарына арналған парламенттік тыңдау­лар өткізуді жүктеді. Ол Сенат жанынан құрылған кеңестердің жұмысына да жеке тоқталды. Д.Назарбаева парла­менттік тыңдауға дайындық ба­рысында ауыл шаруашылығы саласының көптеген өкілдерімен кездескенін айтты. «Олар кө­терген мәселелер кең талқылау­ды талап етеді. Сенат жанынан Агроөнеркәсіптік кешен жө­ніндегі кеңес құру қажет», – деді ол. Палата басшысы жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныстарды қарау үшін желтоқсанда Жастар кеңесі жұмысын бастағанын жеткізді. Сенат төрағасының орын­ба­сары Бектас Бекназаровтың де­регінше, палата депутаттары ауыл-аймақта 460 кездесу өткіз­ген. «Халықпен кездесу бары­сында бірыңғай жиынтық төлем төлеу, АӘК алу шарт­тары, ауыл бюджетін қалып­тастыру және «Ауыл – ел бе­сігі» жобасы ая­сын­да тірек ауыл­дарды анықтау бойынша заңнамадағы кемші­ліктерге қа­тысты сын-ескертулер ай­тыл­ды», – деді ол.   Айхан ШӘРІП