Тоқаев Мәжіліс пен Мәслихатта әйелдерге квота беретін заңға қол қойды
Тоқаев Мәжіліс пен Мәслихатта әйелдерге квота беретін заңға қол қойды
© kaztag.kz
136
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы" Конституциялық заңға қол қойды. Заңның мақсаты - әйелдер мен жастардың қоғамдық-саяси процестерге қатысуын ынталандыру.
Заңның негізгі міндеттері - бір саяси партиядан Мәжіліс пен Мәслихат депутаттығына сайлауға түсу үшін кандидаттарды тіркеу тізіміне енгізілген адамдардың жалпы санынан 29 жасқа толмаған адамдар мен әйелдерге кемінде 30% квота белгілеу.
Еске салайық, 2019 жылғы 20 желтоқсанда Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партиялық тізімнің 30% -ын әйелдер мен жастардан құруды ұсынды. Қазіргі уақытта Cенатта - 33, Мәжілісте 27 әйел бар. Қазақстан Республикасының мәслихаттарында 3 335 орын бар, олардың тек 740-ы - әйелдер, бұл 22% -дан сәл асатын көлем.