Әйеліне бір рет қол көтерген адам, соққыға да алуы мүмкін

Әйеліне бір рет қол көтерген адам, соққыға да алуы мүмкін

Бүгінде ерлі-зайыптылардың ажырасуы күрт өсіп, үйдегі ұрыс-керіс көбейіп, жанжал ұласуда. Бұған не себеп, неліктен ер адамдар әйеліне қол көтеруде деген сұрақтарға белгілі психолог Балабек Сақтағанов жауап берді. – Елдің жұмысы шектеліп, үйдегі карантин үшінші айға ұласты.  Соның кесірінен үйдегі дау-жанжалдар да ұласып кеткен секілді. Бұған не айта аласыз? Елдегі 3 жылдың статистикасында отау құрған 100 отбасының 40-ы ажырасады. Мәселен, төтенше жағдай жарияланған аралықта ерлі-зайыптылар арасындағы зорлық-зомбылық жағдайы күрт өсіп кетті. Қазір таяқ жеп үйінде отырған әйелдер ешқайда шықпай, ешкімге шағымдана алмай қалған еді. Жағдай ақырын түзеле бастады, отбасылық қарым-қтынаста қалыпқа келер.  Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап жатқан әйел азаматшалар үйден шығуға болмайтындықтан еш жерге шағымдана алмай отыр. Отбасы – әртүрлі көзқарастардың бір арнада тоғысып, ортақ шешім шығаратын алаң. Айырмашылығы – ер азамат шешімді санамен, ал әйел эмоциямен қабылдайды. – Ер адамдарды әйелдеріне қол көтеруге не себеп? Ол адамның психикасына байланысты ма? Әлде өскен ортасы, алған тәрбиесіне қатысты ма? Негізі, барлығы адамның психикасына байланысты. Әйелге қол жұмсаудың өзі дұрыс емес. Ондай әрекетке барған азаматтың арғы түбін қарау керек. Ол дегеніміз – оның бала кездегі психикалық жарақат алуы мүмкін. Мәселен, бала кезінде қатарластарынан көп әлімжеттік көріп, мазаққа ұшыраған ол өзін толыққанды көрсете алмаған. Енді есейгенде өзінің күштілігін әйелін ұрып-соғу арқылы көрсетеді.  Осы әрекеттен ол белгілі бір дәрежеде рақаттанады. Ал бірақ өздерінің мұндайға неліктен баратынын түсіндіре алмайды. Сондықтан кез келген мәселеде бір жақты ғана қарамау керек. – Бізде «ер адамның дауыс көтеріп, қол жұмсауына әйелдің өзі кінәлі» деп жатады.  Шынымен де,  таяқты әйел тілінен не ісінен таба ма? Қоғамда мұндай пікір жоқ емес, бар. Өйткені адам ешқашан өзінен кінә іздемейді. Таяқ жеген әйелдің сондай қылық жасауының өзінде бір себептің барын ешкім түсінбейді. Сондықтан ер азамат атына сай, барлық жағдайға түсіністікпен қарап, ақылмен шешкен жөн. – Әйеліне бір рет қол көтерген адам тағы көтереді дегені шын ба? Мұны өзгертудің жолы бар ма? Әр нәрсені уақытында елеп-ескеріп отырмаса, қайталанбауы мүмкін емес. Сондықтан алғаш ұрған сәтте әйел ата-енесіне ескертіп, шара қолдануын өтінуі керек. Шынын айтқанда, еркекке психологиялық тұрғыдан қысым жасаған жөн. Егер ешқандай қарсы реакция болмаса, ол қол көтеруін әдетке айналдырады. Сөйтіп, уақытында ескермеген мәселе ушығып кетеді. Ал ол кезде жағдайда түзеу қиынға түседі. Жалпы, ер адам әйелін бас салып ұра кетпейді ғой. Бастапқыда сөзбен мазақ қылады, кейін жолдастарының ортасында келемеждейді. Міне, осындайда әйелінің тарапынан жауапты реакция болмаған соң, қол көтеруге дейін барады. Сол себепті, не нәрсені ақытында қараған жөн.