"Біз жоспарларымызды орындап үлгермедік" - блокпостта қайтыс болған полицейдің жары жұбайымен қоштасты
"Біз жоспарларымызды орындап үлгермедік" - блокпостта қайтыс болған полицейдің жары жұбайымен қоштасты
111
оқылды
Алматыда блокпоста қайтыс болған полицей Дастан Әбдіқановтың жары әлеуметтік желіде жұбайымен қоштасты. "Қымбаттым, бізді неге тастап кеттің. Сені қатты жақсы көремін және бұған сенбеймін. Сен ең керемет күйеу және әкесің. Ұлың екеуміз сені қатты жақсы көреміз және әрдайым жақсы көреміз. Сен әрдайым жүрегіміздесің, ал ұлың үшін сен әрқашан батырсың. Менің қорғанышымсың, шуағымсың. 3 жыл бақытты өміріміз үшін рақмет. Сен тым жас кеттің, біз жоспарларымызды орындап үлгермедік. Мен не істерімді, қалай өмір сүретінімді білмеймін. Сағым сынса, мені кешір, ұлыңды қорға. Сені жақсы көремін, бұйрабасым", - деп жазды жары Динара Instagram-дағы парақшасында. Еске салайық, бүгін 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокпостқа барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Көлікте екі полицей болған. Көлікті мас күйінде тізгіндеген BMW жүргізушісі қамауға алында. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.