Қапшағайда  жоғалған 4 жасар қыз бала аман-есен табылды
Қапшағайда  жоғалған 4 жасар қыз бала аман-есен табылды
© Сурет ғаламтордан
Қапшағайда  жоғалған 4 жасар қыз бала аман-есен табылды.
«Бір сәтке кішкентай қызын көзінен таса қылған анасы оны жоғалтып алған. Баланың анасы өз бетінше іздеуді бастаған, алайда еш нәтиже шықпаған. 2-ықшамауданды патрульдеп жүрген «Бүркіт 258» патрулі шарасыз қалған ананы байқап, бүлдіршінді іздестіруді өз қолдарына алған. Нәтижесінде бір сағат ішінде қыз көрші шағын ауданда жүрген жерінен табылды. Кішкентай Айша аман-есен анасының қолына табысталды»,-дейді Қапшағай қаласы полиция басқармасының бастығы полиция майоры Манат Айтмұханбетов.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларына қырағы және мұқият болуға шақырады.