Биыл зейнетақы жүйесін реформалауға қатысты шешім айқындалуы қажет, – деді Тоқаев. Үкімет отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жүйесіне қатысты пікірін айтты, - деп жазады «ҚазАқпарат».
«Баспана сатып алуға және өзге де қажеттіліктерге зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға қатысты айтар болсам, осынау маңызды мәселені шешу үшін алғашқы қадам жасалды. Біздің мақсатымыз – адамдарды қартайған кезде лайықты зейнетақысыз қалдырып, барлық жинағын қазір бере салу емес», – деді Президент.Оның айтуынша, жалақыны қолма-қол төлеуден, салық, міндетті зейнетақы жарнасын аударуға ынталандыру қажет. Жұмысшылар жұмыс берушіден зейнетақы жарнамасын аударуды талап етуі тиіс. «Үкімет пен Ұлттық банк бұл реформаны жүзеге асыруды бастайды. Мұндай мүмкіндіктер берілетін азаматтардың аясын біртіндеп кеңейте беру қажет болады. Сонымен қатар зейнетақы жүйесін жаңғыртуды жеделдету де қажет. Оның төңірегінде де пікірталас көп. Дегенмен, жылдың ортасында біздің шешімдеріміз бен әдістерімізді айқындау керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.