«Оқиға орнына 5 құтқарушы 1 автокөлік және 1 қайық барды. Құтқарушылар жедел әрекетке кірісті. Жасөспірімнің жансыз денесі сағат 18.49 шамасында жағаға шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.Қызылорда облысында жыл басынан бері барлығы 8 адам суға кетіп қайтыс болды. Оның біреуі - жасөспрім, екеуі - бала, қалғаны - ересек азаматтар. Сондықтан мамандар суға түсу барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Былтыр бұл жағдайдан 26 адам қаза тапса, оның 10-ы бала. Бұдан бұрын Қызылордада 10 жасар бала суға кеткен еді. Оны іздестіруге 53 адам жұмылдырылды.
Қызылордада 17 жастағы жасөспірім Сырдарияға батып кетті
112
оқылды
оқылды