Атырау қалалық мәслихат депутаты Қаршыға Джаумбаев Nur Otan партиясының Құрманғазы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссия мүшелерімен бірігіп, облыста жарияланған төтенше жағдайға байланысты, карантин шектеулерін, санитарлық сақтық шараларының сауда орындарында орындалу барысымен танысты. Рейд кезінде бірқатар нысандарда сақтық шаралары сақталғанымен, кейбір талаптардың орындалуы соңғы мезгілде толық жүзеге асырылмай жүргені байқалды. Әсіресе, азық-түлік өнімдерінің шектеулі бағадан жоғары бағада сатылып жатқаны анықталды. «1001 ұсақ-түйек», «Мерей» дүкендерінде адамдардың шамадан тыс көптігі, онда карантин тәртібінің толық сақталмауы, атап айтқанда арақашықты сақтамау, тұрғындардың дүкендерге бетперде кимей келетіні белгілі болып, дүкен қожайындарына қатаң түрде ескертпелер жасалды. Сауда орындарында карантин талаптарының сақталуын тексеру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Карантин шектеулері тәртібінің орындалуы партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының үнемі бақылауында болады.
Әбілмансұр ЖАСАН