Көлік тіркеу уақытша тоқтатылды
Көлік тіркеу уақытша тоқтатылды
Фото: Интернеттен алынды
193
оқылды
Әкімшілік полиция комитетінің хабарлауынша, Қазақстанда көлік тіркеу уақытша тоқтатылды. Барлық ХҚКО мен eGov порталында бүгін сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін көлікті тіркеу уақытша тоқтатылады. «Бұл техникалық ақауларға байланысты. Комитеттегілер ыңғайсыздық үшін кешірім сұрайды. Профилактикалық жұмыстар аяқталған соң мемлекеттік қызмет түрі өз жұмысын штаттық режимде жалғастырады» делінген хабарламада.