Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов коронавирустан қайтыс болғандардың зиратында неге 32 адам жерленгенін түсіндірді. «Бүгінде қалада коронавирустан Алматыда 10 адам қайтыс болған. Қалған 22 адам – коронавирус инфекциясы қосымша диагноз ретінде жазылғандар», – деді Ерлан Кожағапанов. Мұның алдында БАҚ-та зиратта 32 адам жерленгенін, тағы қосымша 10-нан астам көр қазылып, дайын тұрғанын жазған болатын.