Тоқаев қайтыс болған алматылық полицейлерді медальмен марапаттады
Тоқаев қайтыс болған алматылық полицейлерді медальмен марапаттады
Фото: Интернеттен алынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қаза тапқан полицейлерді медальмен марапаттау туралы қаулыға қол қойды, – деп жазады akorda.kz. «ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  1. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін наградталсын:
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы; ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі.
  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген қаулыда.