«Балаға өзім жауаптымын» деп ата-анаға қолхат жаздыру дұрыс емес – Білім министрі
«Балаға өзім жауаптымын» деп ата-анаға қолхат жаздыру дұрыс емес – Білім министрі
Фото: Интернеттен алынды
795
оқылды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру жұмысы туралы аппарат жиынында айтты. «Балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру, сауықтыру мәселесі өте маңызды. Ең бастысы, балалардың денсаулығын естен шығармауымыз тиіс. Өңірлердің өздері эпидемиологиялық ахуалға сәйкес шешім қабылдайды. Қауіпсіз болса ғана мәселені шешу керек. Балаларды қалай болса да сауықтыру орталығына жіберу қажет деген сөзді ешкім қозғап отырған жоқ. Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігі бірінші орынға қойылсын», – деді Асхат Аймағамбетов. Оның айтуынша, жыл сайын мұғалімдер ата-аналардан әртүрлі қолхат жаздырып алады. «Қолхат жаздыру қаншалықты дұрыс? Ата-аналар онсыз да өз балалары үшін жауапты. Ешқандай қолхат қажет емес. Жаз айында мұғалімдер демалуы тиіс. Ата-аналардан «балаларымызға өзіміз жауаптымыз» деп қолхат алу – ойға қонымсыз мәселе. Оны тоқтауымыз керек. Бұл мәселені мектеп басшыларына жеткізген жөн», – деді министр.