Алматы облысында танымал брендтердің спорттық аяқкиімдерін қолдан тіккен күдікті ұсталды. 1982 жылғы азаматтың үстінен бөтеннің тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «1982 жылы туған Қазақстан азаматы жалған спорттық аяқкиімдерді қолдан жасаған, сол арқылы Аdidas AG (Германия) және Аdidas International Marketing BV (Нидерланды) компанияларына 19 млн теңге сомасында залал келтірген. Тінту барысында қоймада танымал компаниялардың түпнұсқалық үлгілеріне сәйкес келмейтін 800 жұп спорттық аяқкиімі анықталып, тәркіленді. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 222-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз хатшысы Айнұр Идрисова.