Жұмыссыздар 6 ай бойы кірісінің 40 пайызын алып отыруға құқылы - министрлік

Жұмыссыздар 6 ай бойы кірісінің 40 пайызын алып отыруға құқылы - министрлік

Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар саны 170 мыңға жетті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов хабарлады. «Шектеу шаралары қолданыста болған кезең ішінде тіркелген жұмысссыздар саны 120 мыңнан 170 мыңға дейін жетті», - деді Ақмәди Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Сонымен қатар ол Мемлекеттік әлеуметтік сатқандыру қорынан жұмысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлем саны да арта түскендігін айтты. «Яғни, егер азамат жұмыссыз қалса, онда ол 6 ай бойы кірісінің 40 пайызын алып отыруға құқылы. Бүгінгі күні мұндай адамдардың саны 34 мыңнан асып жығылды. Бұл Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарына осы уақытқа дейін жүгініп үлгергендер», - деді вице-министр.