Алматы облысының тұрғындарына ауа температурасы 35 градусқа дейін жоғарылауына байланысты көшеге шықпауға кеңес беріледі, - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. "Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" болжамының негізінде ертең, 27 мамырда күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін жоғарылайтынын ескертеді", - делінген хабарламада.