Шымкент қаласында тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттері бойынша бірқатар мәліметтер тіркелген.
Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тарапынан полиция департаментіне жыл басынан бері қылмыстық құқықбұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша 19 ұсыныс жолданып, 22 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде, 3-еуі «қатаң ескерту» түріндегі тәртіптік шара алса, 8-і атқарып отырған лауазымынан, екеуі жұмыстан шығарылған.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Ұзынжас жол-патрульдік полиция қызметінің жеке құрамымен кездесуі кезінде айтып өтті.
Н. НАЗАРБЕК.